Жұлдыз Әбдікәрімованың төрт баласымен орысша сөйлегені жұрттың ашуына тиді

Qaz365.kz редакциясы

Ол әлеуметтік желіге шетелдегі демалысынан видео жүктеді

Фото: ашық дереккөзден

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге жаңа жылдың алдында Катар астанасы Дохаға демалуға кеткен. Кейіннен күйеуі Қайрат Нұртас та отбасына қауышты. Сол жақтағы демалыстарынан видео жүктеген Жұлдыздың бала-шағасымен орысша сөйлесіп жүргені көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың Алау, Сезім деген қыздары және Нарұл мен Хан атты ұлдары бар. Әсіресе, осы екі ұлы орысша көбірек сөйлейтін болып шықты. Анасы да балаларымен орысша шүлдірлесіп жүр.

Жұлдызды жұп Доха қаласындағы сауда орталығынан сауда жасап, қыдырып жүрген сәтін әлеуметтік желіде жариялаған. Әнші әйеліне қымбат брендтен қалаған сыйлығын, балаларына белгілі дизайнерлердің киімін әперді. 

«Басқа елде неге қазақша сөйлемейсіңдер?», «Ақша бұларды әбден талтаңдатты», «Осылардың тілдері не қазақ, не орысша емес. Былдырлап жүреді», «Неге қазақша сөйлемейді? Әлде тілі түсіп қала ма? Түсінбеймін», «Қазақпын деп кеудесін соғады»,  «Халыққа рақметтерің осы ма? Неменесін шүлдірлетіп тұрсың?!»  деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдызды ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Тіпті, Дохада бірге демалып жүрсе де, тек балалары үшін бірге екендері жазылып жатыр.