Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық азаматтары үшін маңызды базалық көрсеткіштер өзгереді
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық азаматтары үшін маңызды базалық көрсеткіштер өзгереді. Сонымен қатар, 2024 жылы қазақстандықтардың жеке қаржысына әсер ететін көптеген әлеуметтік жаңалықтар болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді:
Қазір бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді.
Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады.
Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Оның мөлшері бала туғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 процентін құрайды.
Кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан, барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай беріледі.
2024 жылы оның мөлшері:
Марапатталған аналардың жәрдемақысы
2024 жылы "Алтын алқа" немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға 7,4 АЕК немесе 27 321 теңге төленеді.
Ал "Күміс алқамен" марапатталған аналарға 6,4 АЕК немесе 23 629 теңге жәрдемақы беріледі.
Марапатталған аналарға жәрдемақы ай сайын бюджет есебінен төленеді.
Зейнетақы мөлшері көтеріледі
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 60 %-дан 65 %-ға дейін ұлғайтылатын болады. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңге болмақ.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы:
Одан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ға ұлғайтылады.
Ең төменгі жалақы мен АЕК көлемі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.
Ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады, яғни 15 мың теңгеге өседі. Бұл жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы беруге міндетті дегенді білдіреді. Айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге, яғни 242 теңгеге өседі.
Бұл елімізде зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі деген сөз. Сонымен қатар айыппұлдар, салықтар және басқа да төлемдер, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша есеп айырысулар да өседі.
Жұмыс берушілер қызметкерлеріне өз есебінен зейнетақы жарнасын аударады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5 пайызын қамтыса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 пайызға дейін көтеріледі.
2024 жылы – 1,5%;
2025 жылы – 2,5%;
2026 жылы – 3,5%;
2027 жылы – 4,5%;
2028 жылы – 5,0%.
Осылайша, жұмысшылардың зейнетақы шотына қосымша жарналар түсіп тұрады. Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.
МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді.
Жұмыс берушілер
Жұмыс берушілер МӘМС-ке қызметкері үшін жалақының 3%-ын аударады. Бірақ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударатын ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Айта кетерлігі, бұл ақша қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Жалдамалы қызметкерлер
Жалдамалы қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде қызмет көрсететін жұмысшылар міндетті медициналық сақтандыруға ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді.
Бұл ретте жарнаның ең жоғары сомасы 17 мың теңгеден аспайды.
Жеке кәсіпкерлер
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ын аударады.
2024 жылы оның мөлшері – 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексіне сәйкес жарна төлеуді жалғастыра беруі керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары пайдаланады.
2024 жылы бірыңғай төлемнің ставкасы еңбекақы төлеу қорының 21,5%-ын құрайды.
2024 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем болмайды. Сол себепті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС-ке мына жолдармен жарна аудара алады:
жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жарна төлеу;
жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
Дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері ең төменгі жалақының 5%-ын құрайды. Яғни жаңа жылдан бастап олар 4 250 теңге төлейді.
15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет аударады. 2024 жылы мемлекеттің бір адамға төлейтін жарнасы айына – 5852,63 теңге.
Сондай-ақ 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Үкімет мұнай бағасын бір баррель үшін 80 доллар, ал доллар құнын 460 теңге деп белгілегенін атап өтеміз.