Қазақстанда алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Qaz365.kz редакциясы

Алдағы тәуліктерде елдің басым бөлігінде қар жауады

Фото: astanatv.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 6-8 қаңтар аралығында аяз күші -30 градусқа жететінін болжап отыр.

Алдағы тәуліктерде атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына қалың қар түседі.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса, республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.