«Туған жерін сағынған»: Германияда неміс әже соңғы сапарға қазақ әнімен шығарып салуды өтінген

Qaz365.kz редакциясы

Эмоцияға толы видеоға қызу пікір қалдырып жатқандар көп

Стопкадр

Әлеуметтік желіде әженің жаназасынан тараған видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz

«Германияда туған жерін сағынған немістің кәрі әжесі балаларынан соңғы сапарға шығарып саларда қазақ әнін қосуды өтінген», – делінген жазбада.

Эмоцияға толы видеоға қызу пікір қалдырып жатқандар көп. Кадр сыртынан әжені соңғы сапарға шығарып салған балаларының жылаған үні естіледі. Видео біршама уақыт бұрын тараған.

«Еуропада Қазақстанның Туын алып жүрсем, мені кейбір азаматтар тоқтатып, құшақтап, азық-түлік пен ақша беріп шығарып салады. Олар –  кезінде Қазақстаннан көшкен азаматтар», – дейді бір азамат комментте.

Екінші азамат Германиядан көшкен азаматтардың 90 пайызы «мені Қазақстанға жерлеңдер» деп айтатынын еске алады.
«Немістер – жақсы халық. Қазақ халқына бір жаман тіл тигізгенін көзім көріп, құлағым естімепті», – дейді енді бірі.