ҚР CІМ: Қырымға Украина билігінің рұқсатынсыз барған кез келген қазақ – заң бұзушы

Qaz365.kz редакциясы
ulysmedia.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз Украинаның құзыретті органдарынан Қазақстан азаматтарының ұсталуы немесе Украина аумағында қарулы қақтығысқа қатысуы туралы ресми ақпарат алған жоқпыз. Осы ретте өздеріңіз білетіндей, мұндай әрекеттер Қазақстан заңнамасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікті көздейді»,  – деді ол бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, қозғалыс еркіндігі – Қазақстан азаматтарының ажырамас құқығы. 

«Қазақстан заңнамасына сәйкес, қызметті міндеттерін орындауға, қылмыстық жауапкершілікке, сот шешімін орындауға немесе тағы басқа тиісті себептерге байланысты Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға бірқатар шектеулер бар. Мемлекет соғыс қимылы өтіп жатқан аумақтарға бармауға тек кеңес бере алады. Бірақ мұндай жағдайда да таңдау құқығы азаматтардың өзінде қалады. Салдары үшін өзі жауап береді», - дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілі «Қырым секілді аумақтарға бару – Украина заңнамасымен тыйым салынғанын» ескертті.

«Украина тарапы Еуропа аумағындағы елдерге бұзушының шенген аумағына кіруге тыйым салуға да өтініш жасауға құқылы. Украина билігінің рұқсатынсыз Қырым аумағына және басқа да даулы аумақтарға барған қазақстандықтар Украинаның басып алынған аумақтарының мәртебесі туралы заңбұзушы болып табылады. Осыған байланысты оларға Украинаның да, басқа серіктес елдердің де санкциялары қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қылмыстық қудалау да, халықаралық іздеу де», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін желіде Украинадағы соғыста  тұтқынға түскен қазақтың видеосы қызу талқыланған еді.

Украина әскерінің қолына түскен адам өзін қазақпын деп таныстырады. Алайда оның қай елдің азаматы екені белгісіз.