«Ақша бопсалаған»: ҚазАвтоЖол директорының Жамбыл облысындағы орынбасары ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты Антикор растады

Фото: ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.

Бұған дейін БАҚ-та «ҚазАвтоЖол» мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік алғашқы қар жауған кезде жолдарды тазалауға бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін тексеріп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Алайда компанияда «қысқы жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылады» деген ақпаратты жоққа шығарды.