Ұрлық өндіріс аумағында жасалған
Мұнайлы ауданының тұрғыны контейнер ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Маңғыстау облысы сотының хабарлауынша, күдікті кран мен жүк көлігін жалдап, өндіріс аумағынан контейнер ұрлаған. Содан кейін ол оны 400 мың теңгеге сатып жіберген.
Контейнердің иесіне 1,8 млн теңге көлемінде материалдық залал келген.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Соттың үкімімен ер адамның бас бостандығы 3 жылға шектелді.