Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті іздестіріліп жатыр

Фото: instagram.com/zhetysu.police

Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатыр. Ер адам биыл 5 қаңтарда Талдықорғанда тіркелген аса ауыр қылмысқа (адам өлтіру) негізді күдікті», – делінген хабарламада.

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.

«Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдарға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102», – делінген хабарламада.