Өскеменде әскери комиссариаттың бөлім бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілген

Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасы жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Антикордың ресми өкілі қазір қылмыстық іс сотқа жіберілгенін атап өтті.