21 жастағы бельгиялық қазақ жігіт жайлы жаңа дерек
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің әкесі болуым мүмкін деп бір жігіт хабарласқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. «Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы» деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен («Бармысың, бауырым?» бағдарламасының редакторы) бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік», – деп жазды Қымбат Досжан.
Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атайды. Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп жүр.