Есімі – Мақпал: Анасын іздеген бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек

Qaz365.kz редакциясы

21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен

Newsroom.kz

"Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ана анализ тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар. Бүгін анализ тапсырған болжамды ана – Мақпал", – деп жазды журналист Қымбат Досжан  әлеуметтік желіде.

21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.