Тірі болғанда 80 жасқа толар еді: Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ас берілді

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласында орнату туралы да ұсыныс айтылды

Ашық дереккөздерден

Бұл туралы Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай берілген аста айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында өмірге келген. Тірі болғанда, 15 қаңтарда 80 жасқа толар еді.

Көпшілік саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды.

Асқа қатысқандар арасында Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезов, Зейнеп Ахметова, Нұрлан Оразалин, Амангелді Шабдарбаев, Рысбек Сәрсенбай, Болат Әбілов бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.

Ал қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бастаған қоғам қайраткерлері Заманбектің ескерткішін туған ауылы Кегенде ғана емес, Алматы қаласында да орнату туралы ұсыныс айтты.