Шымкентте 33 млн теңге қарызы бар жүргізушінің кім екені анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Оның көлігі айыппұлдың бәрін төлемейінше айып тұрағына қойылды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 33 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталып, оның көлігі айыппұлдың бәрін төлемейінше айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік жүргізушісі патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат түскеннен кейін көп ұзамай көшеде ұсталды. Оны қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен тәртіп сақшылары ұстаған. Полиция мұндай мәліметті жұмыс планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы табады.

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс.

Ол еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғыны болып шықты.