Полиция Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды іздестіруде

Qaz365.kz редакциясы

Жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Фото: ашық дереккөзден

Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған ақпараттардың авторларын іздестіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді полицияда.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабы «Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат жариялағандарды жазаға тарту көзделген.

Бұл бап бойынша жаза 3 мың АЕК (11 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға бас бостандығынан шектеледі».

Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырған болатын.