Қазгидромет алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
«Қазақстанның синоптикалық жағдайына солтүстік-батыс антициклоны өз ықпалын сақтап қалады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, түнде және таңертең аяз әлі де сақталады, бірақ күндіз айтарлықтай жылынады», - делінген хабарамада.