Жәнібек қазір Тайландта демалыста жүр
Биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстанға келген Жәнібек қазақша сөйлей бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол қазір Тайландта демалыста жүр.
«Менің арманым – мұхитқа сүңгу. Соңғы бірнеше күнде @paditv @paditravel-мен бірге диплом алдым. Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып). Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды. Сізге тағы да рақмет!» – деп жазды Жәнібек.
Оған пікір жазған желі қолданушылары өз қолдауларын білдіріп жатыр.
«Тамырыңда қазақтың қаны бар, қазақша тез үйреніп кетесің. Қазірдің өзінде сөйлеп тұрсың, керемет, балам. Арман- мақсаттарың орындалсын әрдайым», «Армандарың орындалсын! Қазақ тілінде анық, түсінікті сөйлеп тұрсың», «Керемет, жарайсың, сәттілік тілейміз! Сен қазақсың ғой, біздің бауырымызсың!», «Енді бір ай қазақша сөйлесең, жаттап алайын деп тұрсың ғой!», «Анаң да, туыстарың да табылуға тиіс», «Керемет, қазақша сөйлеп үйреніп қалыпсың, қаның қазақ, жаның қазақ», «Арманың алдамайды, қазақшаң өте керемет, енді басты арманың орындалсын», «Сен тағдырың қаншалықты қиын болса, соншалықты ерекше бақытты боласың», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.