Журналистер Әсет Шындалиевтен Бас прокуратура Назарбаевтың туыстарын капиталды елден заңсыз шығарғаны үшін тексеру жүргізді ме деп сұраған.
"Біздің алдымызда бірінші президенттің отбасына немесе басқа біреуге қатысты қандай да бір іс қозғау міндеті тұрған жоқ. Біз елден заңсыз шығарылған барлық капиталды тексеріп, қайтарумен айналысамыз. Қазір әділет министрлігі заңнаманы қайта қарау және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті түзетулер қылмыстық кодекске әлі енгізілген жоқ. Әділет министрлігі бірінші президент пен оның отбасына қандай баптар қатысты, қайсысына қатысы жоқ екенін анықтау үшін сараптама жүргізеді", - деді Шындалиев.