Ulysmedia.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл жөнінде министр пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ulysmedia.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz 

Cайттың негізін қалаушы Самал Ибраева сайттың бұзылғандығы және жеке деректердің ұрланғандығы туралы хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта ақпараттық портал әлі жұмыс істемей тұр. 

"Ақпараттық шабуыл жалғасып жатыр. 

Ulysmedia.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы әріптесім Самал Ибраеваның жазбасын оқыдым.
 
Қазір министрлік тиісті органдармен бірлесіп, бұл ақпараттық шабуылдың мән-жайын тексеріп жатыр.

Әріптесім Samal Ibrayevaмен телефон арқылы сөйлестім. 
Министрлік редакцияға көмек көрсетуде. 

Бұл шабуылдың артында тұрған азаматтар анықталып, тиісті іс-шара қолданылады деп сенеміз" - деп жазды Дархан Қыдырәлінің Facebook парақшасында.
 

Еске сала кетейік бұдан бұрын, Ulysmedia.kz порталының бұғатталуы туралға жазған болатынбыз.