Қостанай облысы Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысы Рудныйда 24 тұрғын үй, 60-қа жуық жекеменшік үй және тағы 16 ғимарат жылусыз қалды. 19 қаңтарда Горняков көшесінде жылу өтетін жолда жарылыс болды.
"Сағат 10.30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу өтетін жолда (диаметрі 530 миллиметр) жарылыс болды. 24 тұрғын үй, 59 жекеменшік үй және 16 ғимарат жылусыз қалды. Қазір жарылған жер анықталып жатыр. Оны анықтағаннан кейін жұмысты "Рудный жылу желілері" ЖШС жедел топтары жүргізеді", - деді Рудный әкімдігі баспасөз қызметі өкілдері.