Алматыда тағы да жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісінің эпицентрі – Қытай аумағында

Фото: novastan.org

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок.

«Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», – делінген хабарламада.