Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Президенттің Жарлығымен бұрынғы сот төрағасы қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын

syrboyi.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының бұрынғы төрағасы, судья Н.Шетенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша босатылсын», – делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында. 

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын. Ол қызмет барысында пробациялық бақылаудағы бұрын сотты болған азаматты қадағалау бойынша тиісті жұмыс жүргізбеді деп айыпталды.