Мамандар кеңесіне құлақ асыңыз
Алматы ТЖД мамандары биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
- Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
- Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
- Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
- Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
- Ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
- Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.