Жер сілкінісі: Қытайда афтер сілкініс тіркелді

Qaz365.kz редакциясы

Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан

Скриншот Яндекс карты

Жер асты дүмпулері 29 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:48-де тіркелді. Бұл туралы сейсмикалық стансалар желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афтер сілкініс. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,3. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,4», - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.