Алматы полициясы адам ұрлау ісін ашты

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыскерлер жәбірленушіні босату үшін 200 мың доллар талап еткен

atomiyme.com

Алматыда адам ұрлау ісі ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстың құрбаны ‒ 40 жастағы алматылық. Ұрлау Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын-үй кешендерінің бірінің аумағында болған.

Полицияға жәбірленушінің әйелі арызданған. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы шаралар кешені жүргізілген. Бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні ұстаған жерін жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы операция қаланың Түрксіб ауданындағы ескі қоймалар аумағында жүргізілген. Қылмыскерлердің төртеуі ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық қылмыстары үшін сотталған.

“Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Ол қатты соққыға жығылғандықтан медициналық көмекке мұқтаж болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Әйтпесе героин енгіземіз деп қорқытқан», ‒ деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталатын болады.