Таразда бала саудасымен айналысты деген күдікті дәрігерлер ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды 

ivbg.ru

Тараз қаласында жаңа туған сәбилерді сатумен айналысуы мүмкін деген күдікке ілінген медицина қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жамбыл облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Тараз қаласының прокуратурасы дүниеге жаңа келген нәрестелерді саудаға салудың алдын алып, екі медицина қызметкерін ұстады. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Осыған байланысты 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 28-бабына сәйкес, ұсталған адамдар қамауға алынды. Қылмыстық іс қала прокуратурасының қадағалауында”, –  делінген прокуратураның хабарламасында.