Қазақстан Ұлттық қорды басқарудан 1,4 триллион теңге шығынға ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді

Қазақстан 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қорды басқарудан 1,37 триллион теңгеден астам шығынға батқан, деп хабарлайды qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен теріс инвестициялық кіріс 1,37 триллионнан астам теңгені құрады", –  делінген Қаржы министрлігінің ресми сайтындағы жиынтық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде. 

Құжатқа сәйкес, нақтыланған бюджетке сәйкес Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс 941,6 млрд теңге көлемінде жоспарланған.