Көлікті мектеп оқытушысы басқарған
Ақтөбеде адам өліміне себепші болған мектеп мұғаліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ырғыз ауданында жол апатына ұйымдастырып, салдарынан үш адамның өліміне себепші болған жүргізуші бес жылға сотталды. Жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім қайтыс болған. Олардың арасында сотталушының туған әпкесі бар.
Жаныс би ауылында тұратын жоғары сынып оқушылары Toyota Alphard минивэнімен Ырғызда өтетін аудандық олимпиадаға бара жатқан. Сол жолда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік минивэнмен соқтығысқан.
Көлікті мектеп оқытушысы басқарған. Ол бес жылға сотталып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.