Қостанайда экс-сот орындаушысы борышкерлердің 6 млн теңгесін иемденіп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Бұл қаржы қарызды өндіріп алушыларға берілуі тиіс болған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы Н. лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына 6 млн теңгеден астам ақша жеке шотына аударып алғаны анықталды.

Бұл ақша қаражаты – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомасы», – делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.