Ираннан 866 мың қорап контрабандалық темекі тасымақшы болған қылмыстық топ ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

«Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп ірі контрабандалық темекі өнімінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды. Инспекциялық тексеру кешені (ИТК) арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылды. Қызметкерлер құжаттар бойынша мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі тапты.

Мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың алдын ала сомасы кемінде 300 млн.теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 234 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.