Үкімет басшысы қазақстандықтардың арыз-шағымдарына назар аударуды ұсынды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге Қазақстандағы интернет пен ұялы байланыстың сапасына қатысты ескерту айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның алқа мәжілісінде Смайылов еліміздің ірі қалаларында да интернет жиі болмайтынын атап өтті. Үкімет басшысы қазақстандықтардың арыз-шағымдарына назар аударуды ұсынды.
"Бағдат Батырбекұлы, интернеттің сапасыздығы мен ұялы байланыстың қамтамасыз етілуіне байланысты қазақстандықтардың қаншама наразылықтары мен шағымдарын өзіңіз көріп отырсыз. Тіпті кейде ірі қалаларда да интернет байланысы нашар болып жатады. Қазір барлық жұмысты ұялы телефон арқылы жасайтын уақыт. Бірақ интернеттің болмауы, қолайсыздықтар тудыруда. Бұл мәселені шешу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары сапалы ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету барлық қалалар мен облыс орталықтарын қамтуы керек. Министрлік ұялы байланыс пен интернетті қамтудың қазіргі жағдайына талдау жасауы қажет.Әзірленген "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы аясында қажетті шараларды қабылдау қажет", – деп ескертті Әлихан Смайылов.
Тиісті жұмыстар 2027 жылы аяқталуы тиіс, деді премьер-Министр. Сонымен қатар, байланыс сапасының стандарттарын арттыра отырып, өңірлерде 3G және 4G байланыс стандарттарын одан әрі дамыту маңызды", – деп қосты Смайылов.