Күзетшіні азаптап өлтірген күдіктіге қатысты дерек айтылды
Бүгін Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде аса ауыр қылмыс тіркелді. Жергілікті тұрғын күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтіреді. Бұл сәт видеоға түсіп қалған. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдікті көршісі болып шыққан. Сонымен қатар ол беделді адамды баласы екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Менімен Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі адамдардың бірі хабарласты. Оның айтуынша, интернетте сондай есімді бизнесменнің бар екені, 1979 жылы туғаны көрсетілген. Мемлекеттік сатып алуға қатысады екен. Әзірге құқық қорғау органдары растаған жоқ», - дейді журналист.
Orda.kz қайтыс болған марқұмның есімі – Нұрбол Қайыпбаев екенін жазған. Оның жасы – 30-да болған. Күдікнің ата-анасы күзетшіге өтініш айтқан. Яғни баласының мас күйінде көлікке отырғанын көрсе, жібермеуін сұраған. Ол арақты жиі ішкен. Марқұм кезекті рет күдіктінің әке-шешесінің өтінішін орындау кезінде қайтыс болған.
Еске салайық, Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде аса ауыр қылмыс болған еді.