Sensata Group компаниясы Бишімбаевтың сотында айтылған сөзге байланысты мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Құрылыс компаниясы мәлімдеме жасады

Видеодан кадр

Sensata Group құрылыс компаниясы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесіндегі мәлімдемеге қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Sensata Group құрылыс компаниясы Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен оның айналасындағылардың компанияға қатысы жоқтығын және құрылтайшылар мен басшылықтың мүшесі болып табылмайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Бишімбаевтар отбасының Sensata Group құрылыс компаниясына қатысы жөнінде сот барысында айтылған тұжырымдар шындыққа жанаспайды», - деп хабарлайды компания.

Еске сала кетейік, сотта бүгін марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Гастро-орталық) Sensata компаниясы сияқты серіктестерімен бірге Қуандыққа тиесілі деген еді.