Тоқаев бүгін Қытайдан келген соң су тасқынына қатысты жиын өткізеді

Qaz365.kz редакциясы

Еліміздің жеті облысында су тасқыны болып жатыр

akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

«Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің жеті облысында су тасқыны болып жатыр. Әсіресе, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында жағдай күрделі.