«Өңделген»: Бишімбаев Нүкенованың соққыға жығылған суреті туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаев соққыға жығылған Нүкенованың суретін өңделген дейді

Скриншоттар

Астанада сотта Қуандық Бишімбаев жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, үйленгеннен кейін Салтанат оны балағаттап, ыдыс-аяқ сындырып, Бишімбаевты өзі ұра бастаған.

Ал соққыға жығылған Нүкенованың суретін өңделген болуы мүмкін екендігін айтты.

«Сол кезде ол мені бірінші рет ұрды. Содан соң татуластық. Бұл жанжал 20 наурыз мереке қарсаңында болды. Демалыста түнге дейін кездесу өткіздім. Мұнда көрсетілген сурет бізге беймәлім. Ол өңделген болуы мүмкін. 20 наурызда оған ешқандай зақым келген жоқ», – деді Бишімбаев.

Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, ол әйелінің қоңырауларына оншақты рет жауап бермеген соң, Нүкенова үйден шығып кеткен. Содан кейін ағасы Айтбек Амангелді келіп Бишімбаевқа пышақпен келіп, шабуыл жасаған.