Орал қаласында тұрғындарды эвакуациялай бастады

Qaz365.kz редакциясы

Мамандардың мәліметінше, судың деңгейі облыста осыдан 30 жыл бұрын болған ең жоғары көрсеткіштен асып кеткен

Видеокадр

Орал қаласында тұрғындарды эвакуациялай бастады. «Уральская неделя» басылымының хабарлауынша, су бөгетке жақындап қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орал қаласында 2 сәуір күні сағат 18:00-ден кейін "Самал", "Вагонник" тұрғын алабын эвакуациялау басталды. Тұрғындарды эвакуациялау үшін 5 автобус тартылған.

Жергілікті тұрғын Вадим Колодий Мичурино кентінің су басқан аудандары мен "Дуброва" турбазасын бейнелейтін видео түсірген.

Еске сала кетейік, кеше су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарына үндеу жасаған еді. Төреғалиевтің айтуынша, көршілес Ресей елінен бастау алатын 5 трансшекаралық өзенде су деңгейі көтеріліп барады. Соның салдарынан Казталов және Жаңақала аудандарына баратын Қара және Сары өзендерде су деңгейі артқан. Қазіргі уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 

Мамандардың мәліметінше, судың деңгейі облыста осыдан 30 жыл бұрын болған ең жоғары көрсеткіштен асып кеткен.