Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып жатқан сәті көрсетілді

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаев бұл бейнеге қорғаушыларының өтініші бойынша түсініктеме берді

Скриншот

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтті. Сот отырысында прокуратураның бастамасымен сот материалдарының видеосы қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот барысында прокурорлар сот материалдарының видеосын көрсетті. Видеокадрларда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың ұзақ дауласып, қарым-қатынасын реттей алмай жатқанын көруге болады. “Бао” мейрамханасынан екеуі бірде шығып, қайта кіреді. Кіреберісінде ұзақ әңгімелеседі.

Видеолардың бірінде жерде жатқан Салтанатты Бишімбаев аяқпен тебеді, шашынан тартып тұрғызып, қол жұмсайды. Қараңғы дәретханаға сүйреп алып кіреді.

Аталған кадрлар көрсетіле бастағанға дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді залдан шығып кетті.

«Бейнежазбада Бишімбаевтың қандай күшпен соққы жасап, қайтыс болған адамды шашынан сүйреп апарып жатқаны айқын көрінеді. Ол қайтып оралып, тағы бір рет соққы жасайды. Оның (Салтанаттың) киімсіз жүргені көрінеді», - дейді прокурор.

Бишімбаев бұл бейнеге қорғаушыларының өтініші бойынша түсініктеме берді.

«Мен тек алақаныммен ұрдым, шапалақтадым», – дейді экс-министр.