«Көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың»: Сотта прокурор Бишімбаев пен Нүкенованың хаттарын оқыды

Qaz365.kz редакциясы

Хаттар 2023 жылдың 10 қазанында жазылған

Фото: ашық дереккөз / Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекеттік айыптаушы 2023 жылдың 10 қазанында Салтанаттың телефонына жазылған жазбаны оқыды.

«Қуандық, мен Павлодарға біржола кетіп барамын. Ешқандай сезімнің жоқтығын түсіндім. Сен көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың. Бәріне тек мені кінәлап, психологқа баруға мәжбүр етесің. Сен өзіңнен басқа ештеңе көрмейсің. Мен енді шыдай алмаймын. Кешір мені, бәрін ұмыт. Мен ата-анамның қасында боламын. Олар маған қарайды», - деп оқыды прокурор.