Бишімбаев: Өз-өзіме қол салғым келгені рас

Qaz365.kz редакциясы

Бірақ нюанс бар

Фото: Jogargy_sot

Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевқа прокурор сұрақ қойып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот барысында Бишімбаев түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындады. Бірақ нюанс бар. Іс бойынша прокурор Бишімбаевтан тергеу изоляторында «өз-өзіңізді өлтіргіңіз келді ме?» деп сұрады. Ол тек қалағанын ғана емес, тырысқанын да айтты.

“Сіз менің мойындағанымды қалайсыз ба? Менде мұндай әрекеттер болды, иә, тергеу изоляторында”, - деді Бишімбаев.

Бірақ прокурор оның бұл әрекетін имитация деп санайды.

“Бишімбаев ұсталған сәттен бастап бес ай бойы мен процессуалдық прокурор ретінде сіздің камераңызды бейнебақылаудан бақылап отырдым. Бес ай ішінде сіз ешқашан өзіңізге дене жарақатын салуға тырыспадыңыз. Сол күні куәгердің алдында суицидке имитация неге жасадыңыз”, - деп жауап берді прокурор Асхат Нұрбеков.

Бишімбаев оған «егер мен оны жасағым келсе бейнеге көрінбейтін жерде жасар едім» деп жауап берді.