Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуі Шәріпбаевқа байланысты мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Шындыққа жанаспайтынын хабарлады

Ашық дереккөздерден

Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуі Шәріпбаевқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құзырлы органның хабарлауынша, Kaztag.kz сайтында «Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты» деген мақала жарияланған. Бас прокуратура Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Шынында да 03.04.2024 ж. Бас прокуратура «QazaqGaz» ҰК» АҚ (бұдан әрі - АҚ) басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты «Бәйтерек SA» ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты. Алайда, бұл қылмыстық іс «ҚазТрансГаз Өнімдері» АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді», - деп ақпарат таратты құзырлы орагн.

Осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы К. Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жыныңлдан 2023 жылға дейін, яғни «Болашақ» БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған.