Құлсарыда жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Су басқан үйлерін тексеріп қайту үшін трактормен шыққан

ТЖМ

Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.