Қостанай қаласының әкімі халықтан көмек сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Көмектесуге дайын болсаңыздар, дәл бүгін, дәл қазір келіңіз

Видеодан кадр

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев тұрғындарды су тасқынымен күресуге көмектесуге шақырып, дәл қазір көмек қажет екенін баса айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін судың арнадан асып, толып кету қауіпі бар. Таңертеңнен бері 700-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Халықтың шаршағаны анық, бізге көмек керек. Барлық жанашыр жерлестерімді көмекке шақырамын.Көпірге келіңіздер. Құмшық салған қап төсейміз. Көмектесуге дайын болсаңыздар, дәл бүгін, дәл қазір келіңіз», - деді Жүндібаев.

Ол қостанайлықтардан жылы киініп, еріктілер күтіп тұрған Тәуелсіздік көшесіндегі көпірдегі баннерге жақындауды сұрайды.