Күрек-кетпен ұстаған олар көпірді нығайту жұмыстарына кірісіп кетті
Әкім Марат Жүндібаевтың шақыруынан кейін қостанайлықтар бір кісідей жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бір сағаттың ішінде үлкен көпірге құтқарушылар, полицейлер, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық қызмет қызметкерлер қатарына жүздеген қала тұрғындары келіп қосылды.
Күрек-кетпен ұстаған олар көпірді нығайту жұмыстарына кірісіп кетті.
"Шағала" жағалауында қазір полиция, ТЖ департаментінің, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер мен басқармалардың, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, ҚХА өкілдері, еріктілер жұмылдырылды.
Барлық күш үлкен көпірге, су тасқынынан келетін шығындарды азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта ерікті көмекшілер мұнда дренажға арналған құбырларды орнатып, құм төсеп, су тасқынына қарсы басқа шараларға көмектесіп жатыр.