Сот-медициналық сарапшы Салтанат Нүкенованың өлімі қандай соққыдан келгенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр

Фото: Jogargy_sot

Сот медициналық сарапшы Тахир Халиназаров Салтанатқа салынған жарақаттардың бәрін жеке қарастыруға болмайды деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жарақаттың бәрі бірге өлімге әкеп соққанын айтады.

“Соққы-травматикалық әсер. Бұл басқа жасалған соққы. Ес-түсі бар, ояу адам адамның өзі мұндай бас жарақатын алмайды. Себебі кездейсоқ құлап кетсе де, ол міндетті түрде басын рефлекторлы түрде қорғап құлайды. Егер ол ояу болса! Егер адам биіктіктен құлап кетсе, онда басын қорғай алмай қалуы мүмкін. Бірақ жазықта тұрып, адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды”, - деді Тахир Халимназаров.