Бишімбаев: Салтанат айына ешқашан 2-3 млн теңге тапқан емес

Qaz365.kz редакциясы

Астанада Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Фото: Астана соты

Бұған дейін куәгердің бірі Салтанат Нүкенованың астролог болып жүрген кезінде айына 2-3 млн теңге тапқанын айтқан еді. Бишімбаев оны жоққа шығарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы жерде судья мен алқа билерге кішкене бір нәрсені түсіндіргім келеді: Салтанат ешқашан айына 2,3 немесе 4 млн теңге тапқан емес. Физикалық түрде соншама ақша табу үшін күніне сенбі, жексенбі демалмай, құны 50 мың теңгелік 90 консультация өткізу керек. Оның өзінің сондай арманы бар еді. Ол маған “сол сомаға жеткім келеді” деп армандайтынын айтқан. “Мен кемі 2 млн теңге табуым үшін не істеуім керек?” деп сұрайтын. Мен оған “бағасын көтер, мықты астролог болсаң” дедім. Осыдан кейін ол 50 мың теңге емес, 80 мың теңге ала бастады. Ол кезде 1 млн теңге тауып жүрген еді», – дейді Бишімбаев. 

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қабылдауында болған кезде 50 мың теңге бергенін айтады. Алайда адвокат куәгер Анар Тасованың Бишімбаев 100 мың теңге аударғанын айтқанын есіне салды.