Бишімбаевтың адвокаттары судьяны істен шеттетуді талап етті

Qaz365.kz редакциясы

Судья екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды

Фото: jogargy_sot

Бүгін сот отырысында Қуандық Биішмбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Судья Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған.  Осыдан кейін сот барысында сотталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді. 

Айта кетейік, Ерлан Ғазымжанов сотқа жалғыз өзі қатысып отыр. Өйткені қалған екі адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова сотқа кешігіп келген. Судья Айжан Кульбаева Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды.

10 сәуірде өткен сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова судьядан бүгінгі отырысты сағат 10.00-ге ауыстыруға рұқсат сұрап, тағы бір процеске қатысатынын түсіндірген.

Қазір сот тікелей эфирді тоқтатып, жабық режимде талқылауға көшті.