«Балаңның басына келсін»: Байжанов Бишімбаев «сені қарғаймын» деп қорқытқанын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаевтың адвокаты бұл сөздің айтылғанына күмән келтірді

Фото: Jogargy_sot

Сотталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев өзін қарғаймын деп қорқытқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Байжановтың айтуынша, Салтанаттың өлгенін естігеннен кейін Бишімбаев қолына пышақ ұстап жүрген. «Оның бұрын өз-өзіне қол салғысы келгенін білмеймін» дейді ол.

Прокурор Байжановтан «сіз өткен сот отырыстарының бірінде Бишімбаев маған қысым көрсетті» дедіңіз, ол сізге не деді деп сұрады.

«Бишімбаев маған скорыйға бірге звандадық деп айт деді. Егер сен айтпасаң, «мен сені қарғаймын, сенің балаңның, өз басыңа келсін деп қарғаймын» деді», - деп мәлімдеді ол.

Десе де Бишімбаевтың адвокаты бұл сөздің айтылғанына күмән келтірді.