Құлсарыда баласымен бірге жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Марқұмның қызы жергілікті билік жоғалған адамдарды уақтылы іздемегенін айтты

Құлсарыда баласымен бірге жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайлы Qaz365.kz.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.

Ер адам ұлымен бірге үйін көруге кеткен, бірақ екеуі оралмаған. Кейінірек олардың көлігі табылды.

Марқұмның қызы жергілікті билік жоғалған адамдарды уақтылы іздемегенін айтты. Олардың жылап көмек сұраған видеосы желіде тараған еді. Осыдан кейін қосымша күштер тартылған.

Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 шақырым жерден табылды. 24 жастағы ұлды іздеу жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірден бастап Құлсарыда барлығы үш адамның денесі табылған.