Нобель сыйлығы иегерлерімен кездесуге ел студенттері мен профессорлары мүмкіндік алып отыр
V Нобель фестиваліне орай Астана қаласында 26-28 қазан аралығында үздік студенттер, жас ғалымдар және профессорларға Нобель сыйлығы иегерлерімен бірге таңғы ас ұйымдастырылады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Таңғы аста болатын әлем зиялылары:
Рае Квон Чунг ‒ 2007 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, жасыл технологиялар мен климат өзгерісінің көрнекті сарапшысы.
Тавакуль Карман ‒ 2011 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, әйгілі журналист және құқық қорғаушы.
“Сіздерде белгілі адамдармен бірге таңғы асқа қатысуға мүмкіндік бар!” ‒ делінген министрліктің хабарламасында.