Әлеуметтік желіде тараған видеода оқырмандар мақтауы мен құттықтауын жаудырып жатыр
Ақтөбелік құтқарушы әйелін перзентханадан күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода оқырмандар мақтауы мен құттықтауын жаудырып жатыр.
Ақтөбелік құтқарушы әйелі мен жаңа туған қызын перзентханадан қайықпен шығарып алды. Асқар Құсайынов Ойыл ауданының өрт сөндіру қызметінде еңбек етеді. Су тасқынымен күрес кезінде азаматтың әйелі босанған. Ер азамат перзентханадан жаңа шыққан қызы мен әйелін қолына гүл алып, қайықпен қарсы алды. Себебі ауылымен әлі тікелей байланыс жоқ.
Айта кетейік, биыл су тасқынының қатты зардап шеккен өңірлердің қатарында өзге облыстармен қатар Ақтөбе облысы да бар.