Арасында бір жасар сәби бар: Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінде бір әйел қаза тауып, 5 адам ауруханаға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр

Фото: Polisia.kz

 

28 қаңтар күні сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды qaz365.kz  Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

“Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды”, –  делінген хабарламада. 


Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.